Мемлект басшысы қарыз алушыларға жағдай жасайтын заңға қол қойды. Не өзгереді? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлект басшысы қарыз алушыларға жағдай жасайтын заңға қол қойды. Не өзгереді?

Мемлект басшысы қарыз алушыларға жағдай жасайтын заңға қол қойды. Не өзгереді?

Негізі бұл заң кредит беру жүйесі енгізілген 2000 жылдардың ортасында қабылдануы керек еді.

  • 11 Шiлде
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Ендігі жерде жаңа құжат несиесі бар азаматтарға үлкен көмек болады. Сондай-ақ несиеге кірген адамдардың одан әрі қарызға батуына тосқауыл жасайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден пікір білдірді. Толығырақ тарқатайық.

Сонымен борыштың күрт көбейіп кетуіне жол бермес үшін берешегі 90 күннен асқан азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыз беруге тыйым салынады. Бұл не үшін керек? Биыл әр он микронесиенің біреуі қайтарылмай қалады екен.

Осылайша, берешек көлемі 106 миллиард теңгеге жеткен. Ал былтыр тұтынушылық қарыздың көлемі 2,1 триллион теңгені құраған.

Бұл – өте үлкен сома. Көбіне кей адам қарызы болса да несие алып, оны төлей алмай жүреді. Салдарынан банктегі шоттары блокталады. Жұмыс тауып, аяққа тұрып кетуіне үлкен кедергі келеді. Сондықтан қарызы бар адамның одан әрі былыққа батпасы үшін осындай заң қажет еді.

Тағы бір айта кетерлігі, 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың қарызын коллекторлық агенттіктерге беруге тыйым салынды. Межелі мерзім жеткен соң құқықтарды беру шарттары қатаңдамақ.

Сол секілді кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды және 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан мәжбүрлеп шығаруына жол берілмейді. Бұл да мемлекеттің халыққа жасаған қамқорлығы.

Бұдан бөлек, қаражатты өндіріп алу кезінде соңғы тиынына дейін сыпырып алуына шектеу қойылады. Қарыз алушының банк шотында кемінде 86 мың теңге қалдыруға тиісті.

Кейінгі кезде алаяқтың құрбанына ұшырағандар жиі кездеседі ғой. Соған жол бермес үшін онлайн қарыз беру кезінде міндетті түрде биометриялық сәйкестендіру енгізілді. Бұл да елдегі азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған шаралар.

Міне, осылайша қарызды оңды-солды беріп, ақырында адамды кісенсіз құлға айналдыратын ашкөз несие ұйымдардың қызметі бақылауға алынады.