Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Гүлзира ханым Қайратты «мамасының баласы» деген сөзден әбден жалыққан сыңайлы. Бұл жолы ол оқырманына қатты ауыр сөздер айтты.
«Мамасының баласы, баласының жасы 35-те», деген оқырманына «Сен ешектің не иттің баласысың ба?» деп қарсы сұрақ қойды.
«Осы Қайратты отбасына жібермейтін сияқты, той, концерт деп бауырына бір-ақ қысып алған сияқты. Жеке өмірі жоқ», «Осы шешелер неге жағаласып жүреді. Дұрыс қой, ана. Бірақ, әйел, бала-шағасымен неге көбірек болмайды екен. Қайда барса шешесімен», деп продюсердің оқырмандары негатив пікірлер жазды.