Экономика құрылымын өзгерту: Қазақстан кәсіпкерлікті қолдау форматын жаңа деңгейге шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика құрылымын өзгерту: Қазақстан кәсіпкерлікті қолдау форматын жаңа деңгейге шығарды

Экономика құрылымын өзгерту: Қазақстан кәсіпкерлікті қолдау форматын жаңа деңгейге шығарды

Мемлекет кәсіпкерлікті 20 жыл бойы жан-жақты қолдап келді.

  • 20 Тамыз
  • 4
Фото: ашық дереккөз

Үкімет бұған дейін мақсаты бір, бірақ бөлек жүргізіліп келген екі бағдарлама — «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасын» біріктірді. Және кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Қаржы сарапшысы Айбар Олжаев кеңінен тарқатып берді.

Одан не өзгереді?

1. Субсидиялық тәуелділіктен кету.

Енді қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. Бұл мемлекеттік бюджет шығынын азайтады. Бірақ ең негізгі ойы — кәсіпкердің мемлекеттік көмекке жаман үйреніп алуын болдырмау. Ол аяғынан тез тұрып, бизнесі ертерек нарық жағдайына бейімделіп кетуі тиіс.

2. Субсидияның жартысын өңдеуші салаға беру

Тек өңдеуші өндіріс қана нағыз экономиканың негізін қалап, бізді тұрақтандыра алады. Бұған дейін көп жағдайда оборотын толықтыру мақсатында мемлекет көмегін алыпсатарлар, сауда нысандары алып келді. Бірақ олар жағымды мультипликативті эффект тудырмайды. Және саудагерлерге мемлекеттік қолдау көбейген сайын, импорттың үлесі арта түсетінін байқадық. Сондықтан, субсидияның кем дегенде 50 пайызын өңдеуші өңдіріске бағыттау дер кезінде қабылданған шешім.

3. Ірі жобаларға жеке капитал тарту

Жеке банктер құны 5-10 миллиард теңге болатын ірі жобаларға тәуекелден қорқып, қаржы бере бермейтін. Бәрі мемлекеттік Қазақстанның даму банкіне ауыз ашып отырды. Енді синдикатталған қаржыландыру тәртібі регламенттелсе, мұндай ірі жобаларға бірнеше банк бірлесіп қатысатындай мүмкіндік ашылады. Тәуекел азайғандықтан, банктер де экономиканы қаржыландыруға белсенді араласатын болады.

Биылғы 6 айдың өзінде жаңартылған бағдарлама аясында субсидиялар мен кепілдіктер түріндегі қолдау шараларымен Қазақстанда шамамен 14 мың бизнес жобасы қамтылған. Атап айтқанда субсидиялау бойынша – 566 млрд теңгеге 8 624 жоба, кепілдік беру бойынша – 178,9 млрд теңгеге 5 381 жоба қолдау алды.

Мемлекет кәсіпкерлікті 20 жыл бойы жан-жақты қолдап келді. Осы уақыт аралығында қай механизмнің тиімді болғаны, қайсысының артық екені анықталып, сараланды. Енді қорытынды жасап, кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік мол.

Әсіресе шағын және орта бизнеске деген қамқорлық президент Тоқаевтың былтырғы жолдауында айрықша айтылған болатын. Биыл да осы месседж жалғасатын сияқты.