АЭС салу сияқты маңызды шешімдерде халықтың пікірін ескеру маңызды. Өйткені бұл экологиялық және әлеуметтік салдарға тікелей әсер етеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Алайда, бұл шешімнің талқылауында мамандар мен биліктің рөлі де маңызды. Сол себепті халықтың қатысуы мен үкіметтің шешім қабылдауы арасында ортақ үйлесім болуы шарт. Кейбір елдерде халықтың тікелей қатысуын маңызды санайтын референдумдар өткізіледі. Ал Түркия сынды елдерде билік өзі шешім қабылдайды. Осы ретте халықтың ел болашағына қатысты сұрақтарға қатысқаны дұрыс па деген сұрақ туындайды.
Атом электр станцияларының (АЭС) салынуы сияқты ірі энергетикалық жобаларда халықтың шешім қабылдауға қатысуы маңызды.
Халықтың шешім қабылдауының артықшылықтары:
— Демократиялық процеске қатысу: АЭС салу немесе бас тарту сияқты шешімдер халықтың мүддесіне әсер ететіндіктен, тұрғындардың пікірі ескерілуі керек. Референдум арқылы халық өз көзқарасын тікелей білдіре алады, бұл демократиялық принциптерге сәйкес келеді.
— Қауіпсіздік мәселелері: АЭС-тің қоршаған ортаға және денсаулыққа ықтимал қауіптері көпшілікті алаңдатады. Халық радиоактивті қалдықтарды сақтау, апат қаупі және экологиялық салдарларға байланысты шешім қабылдауға қатысса, олардың қауіпсіздік мәселелеріне қатысты алаңдаушылықтары ескерілер еді.
— Қоғамдық қолдау: Егер халық референдум арқылы АЭС салуды қолдаса, бұл жобаға деген сенім артып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қоғам қолдаған жобалар сәтті жүзеге асырылып, дау-дамай аз болады.
Үкіметтің тікелей шешім қабылдауының артықшылықтары:
— Тез шешім қабылдау: Үкіметтің тікелей шешімі уақытты үнемдейді. АЭС сияқты ірі жобаларды салу мен жүзеге асыру жылдам қарқынды талап етеді, сондықтан халықтық дауыс беру процесі уақыт жағынан ұзаққа созылып, жоба кейінге қалуы мүмкін.
— Мамандардың шешімі: АЭС сияқты күрделі энергетикалық жобаларда арнайы мамандардың, инженерлердің және ғалымдардың сараптамалары қажет. Мұндай жобалар техникалық мәселелерді қамтитындықтан, кейде халық барлық аспектілерді толық түсінбеуі мүмкін. Сондықтан шешімді үкімет пен мамандар қабылдағаны тиімді болуы мүмкін.
— Энергетикалық қауіпсіздік: Кейбір елдер үшін атом энергетикасы экономикалық және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып саналады. Сондықтан үкімет өз мүдделерін басшылыққа алып, жылдам және тиімді шешім қабылдауы мүмкін.
Қазақстан АЭС мәселесін 90-жылдардың басынан көтеріп келеді. Алайда бұл сұрақтың нүктесі енді ғана қойылды. Президент өзі АЭС болашақтың энергия көзі екенін айтты. Сол себепті билік қана шешім қабылдамайғ халықтың пікірін ескеру дұрыс деп санады. Қазір ел арасында, қоғамда АЭС керек, немесе керек емес деген екі көзқарасты пікірталастар ушығып тұр. Мамандар мен сарапшылар нақты дәлелдерге сүйеніп, АЭСтің экономикаға тигізер оң әсерін алға тартып жатыр. Ал көпшілік қауым сол бұрынғы апаттардың салдарын ұмыта алмай, үрейлерін жеткізіп жатыр. Осы себептерді ескеріп, Қазақстан билігі халыққа таңдау беріп отыр. Ал бірқатар мемлекет АЭС салу кезінде халықтың пікіріне құлақ асқпаған.
Франция: Францияда референдумсыз АЭС құрылысы ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Елде АЭС электр энергиясының негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде де жаңа станциялар салу жоспарлануда. Францияның энергетикалық саясаты атом энергетикасына тәуелді.
Түркия: Түркия референдумсыз алғашқы АЭС – Аккую станциясының құрылысын бастап кеткен. Оны 2023 жылы аяқтауды жоспарлаған. Бұл жоба Ресейдің “Росатом” компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылып жатыр. Түркияның үкіметі АЭС салуды энергетикалық тәуелсіздікке жетудің жолы ретінде қарастырады.
Қытай: Қытай атом энергетикасының дамуына қомақты инвестиция салып келеді. Елде бірнеше АЭС жұмыс істейді. Оларды одан әрі кеңейту жоспарлануда. Бұл үдеріс референдумсыз жүзеге асырылуда, себебі Қытайдың саяси жүйесі халықтық дауыс беруді қажет етпейді.
БАӘ (Біріккен Араб Әмірліктері): БАӘ-де “Барака” АЭС құрылысы референдумсыз басталды. Ол 2020 жылы іске қосылды. Бұл – араб әлеміндегі алғашқы коммерциялық атом электр станциясы.
Беларусь: Беларусь өзінің алғашқы АЭС-ін референдумсыз 2020 жылы іске қосты. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Беларусь Ресеймен бірікті.
2024 жылы әлемнің бірақатар елдері АЭС-тен мүлде бас тартып жатыр.
Германия былтыр соңғы атом электр станцияларын жапты. Бұл шешім Фукусима апатынан кейін қабылданған.
Австария 1970 жылдан бері атом энергетикасын қолдамайды. Елде салынған АЭСтер ешқашан іске қосылмаған.
Италия да Чернобыль апатынан кейін 1980 жылдары өткізілген референдумнан кейін АЭСтен бас тартты.
Қазақстан жас мемлекет. АЭС энергия тапшылығын шешудің негізгі көзі. Бұл туралы Президент те, мамандар да айтып жатыр. Бұл маңызды шешімді билік халыққа сеніп тапсырғаны «Еститін мемлекет» түжырымдамасының айқын көрсеткіші. 6 қазан — әр бір азамат өз конституциялық құқығын орындап, ел болашағына үлесін қосатын күн.