Қазақ елі бүгінде саяси ғана емес, экономикалық жағынан да өсіп келеді - шетелдік сарапшылар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ елі бүгінде саяси ғана емес, экономикалық жағынан да өсіп келеді - шетелдік сарапшылар

Қазақ елі бүгінде саяси ғана емес, экономикалық жағынан да өсіп келеді - шетелдік сарапшылар

1993 жылдан бері елге 440 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

  • 24 Қазан
  • 15
Фото: gov.kz

Қазақстан орта державаға айналып келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

24.kz ақпараттық агенттігінің мәліметінше, бұл шетелдік сарапшылардың пікірі. Орта державалар тобына кіретін мемлекеттердің территориялық тұтастығы, геосаяси жағдайы, табиғи ресурстары мен экономикасы, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделі ескеріледі. Қазақстан осы талаптарға толық сай келеді.

Жерінің аумағы бойынша 9-шы орында, табиғи ресурстарға бай әрі әлем картасында стратегиялық маңызға ие Қазақстан кейінгі жылдары орта державалар тобына кіре бастады

«Қазақ елі бүгінде саяси ғана емес, экономикалық жағынан да өсіп келеді», – дейді сарапшылар.

1993 жылдан бері елге 440 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

«Егер жаһандық тұрғыдан қарасақ, Қазақстанда экономикалық өсу мен тұрақтылық бар екенін атап өтуге болады, бұл еуропалық компаниялар үшін өте қызық әрі маңызды. Қазақстандағы іскерлік ахуал шетелдік инвесторлар үшін қолайлы және ашық, тұрақты нарық ұсына отырып, елге шетелдік капиталды тартуға көп күш салып жатыр», — дейді кәсіпкер Эндрю Хадсон.

Инвестицияны тиімді тартудың таптырмас шарттарының бірі – елдегі тұрақтылық. Оны қамтамасыз ету үшін жаһандық деңгейдегі тепе-теңдік пен жауапкершілік маңызды. Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту және оны таратпау жөніндегі жаһандық күш-жігерді қолдау, сондай-ақ Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамалары  еліміздің осы саладағы қауіп-қатерге қарсы тұруға бейілділігін тағы бір рет дәлелдейді.

«Қазақстан – жасыл экономикаға көшуге және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселеде бізбен бірге жұмыс істейтін Еуроодақтың белсенді серіктесі. Қазақстанмен бірге біз қазір Еуроодақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың бірлескен жол картасын әзірлеп жатырмыз. 2026 жылы БҰҰ-ның аймақтық климат саммитін өткізу туралы жоспарларыңыз туралы естідік. Бұл бірлесе жұмыс істеуге және жасыл энергияға ауысу, тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау, сонымен қатар бүкіл аймақта көміртегіден бас тарту ісін қалай ілгерілетуге болатынын көру үшін тамаша мүмкіндік болмақ. Бұл ретте өңірлік желінің теңгеріміне қол жеткізу үшін электр энергиясының трансшекаралық сауда мүмкіндігін сақтау өте маңызды», — дейді Еурокомиссиясының энергетика директоратының халықаралық офицері Сирил Луазель.

Орта державалар әлемге сыртқы саясаттағы белсенді рөлді көрсетеді және сол арқылы жаһандық қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықты нығайтады. Бельгиялық саясаттанушы және «Diplomatic World» басылымының шолушысы Альберто Туркстраның пікірінше, көпвекторлы сыртқы саясаттың арқасында Қазақстан Ресей және Қытаймен, сондай-ақ АҚШ және ЕО елдерімен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыта алды.

«Біз бүгін көптеген мәселе мен қиындықтар бар аймақта өмір сүріп жатырмыз. Оған себеп болып жатқан Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Біз қазір геосаяси тұрғыдан өте қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз, бірақ Қазақстан бұл жағдайда Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде тұрақтылық тірегі ретінде ерекшеленеді. Астананың бейбіт келіссөздер орталығына айналғанын көріп отырмыз. Осы жылдың басында Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді. Бұрын мұндай келіссөздер Сирия бойынша да өткен. Менің ойымша, бұл рөл нығая түседі, өйткені әлемдегі қақтығыстарды шешу үшін бейтарап диалог алаңы барған сайын сұранысқа ие бола түседі», — дейді саясаттанушы, «Diplomatic World» басылымының шолушысы Альберто Туркстра.

Альберто Туркстра Астананың белсенді рөлінің арқасында бірнеше жылда Орталық Азиядағы ынтымақтастық пен диалог барлық салаларда – су ресурстарын дамытудан терроризмге қарсы күреске дейін нығая түсті деп санайды.

«Орта державалар геосаяси аренада барған сайын маңызды рөл атқарып жатыр. Бұл туралы жақында Астанада өткен Талдау орталықтары форумында естідік. АҚШ, Қытай сияқты ірі державалар бар. Бірақ сонымен қатар осы бағыт арқылы тиімді жолмен жүріп өтіп, ірі державаларды да, кішігірім мемлекеттерді де біріктіру арқылы өздері үшін кеңістік құра алатын орта державалар бар. Олардың ішіне Қазақстан, Индонезия, тағы басқа мемлекеттердің кіретіні өте маңызды», — дейді саясаттанушы Альберто Туркстра.

Бельгиялық саясаттанушы Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі рөлі таяу жылдары бүкіл әлемнің назарында болатының атап айтты.