Қазақстан халқының шетелден жаңа көлік әкелуіне кедергі жасау кімге керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқының шетелден жаңа көлік әкелуіне кедергі жасау кімге керек?

Қазақстан халқының шетелден жаңа көлік әкелуіне кедергі жасау кімге керек?

Жырға айналған мәселелер шешімін қашан табады? Утильалым алынбады, петиция дұрыс қаралмады. Енді келіп халықты жан-жақты қысып, шектеулер қойып жатыр. Бұның барлығы олигархтарды байытып, қарапайым халықты кедейлетіп жатыр. Халықты ойламайтын үкіметтің іс-әрекеті халықтың ашуына тиді. Депутаттар мен қоғам белсенділері шарқ ұрып мәселелерді шешуге ат салысып жатыр.

  • 27 Қараша
  • 16
Фото: caravan.kz

Қазір қоғамда шетелден автокөлік әкелемін деген ел азаматтарының құқығы тағы да шектеліп жатыр деген дау шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айлығы шайлығына жетпегендіктен сіркесі су көтермей жүрген халықтың қытығына тиюді әдетке айналдырған мемлекеттік органдардың жаңа өзгерістері елдің наразылығын тудырды. Мәселе көлік туралы.

Мемлекеттік кірістер комитеті 18-қарашада бір ереже бекітіп, елдің есін шығарды. Ол ереже қазақстандықтардың шетелден көлік әкелуіне қатысты.

Ережеге сәйкес, қазақстандықтар 1 желтоқсаннан бастап шетелден автокөлік әкелуі шектеледі. Шаруа шалт қимылмен шешіліпті. Себебі ереженің жарияланған уақыты мен іске асу уақытының арасы екі аптаға да жетпейді. Автокөлік әкелеген халық онсыз да бітпейтін төлемдерден бас көтере алмай жүргенде, бұл не деген асығыстық? Кімнің мүддесі бар?

Мемлекеттік органның енгізген талаптары мынадай:

Біріншісі, шығарылғанына 3 жыл толмаған автокөліктерді шетелден тек ғана көлік түрін бекіту деген ресми құжаты бар тұлғалар ғана ала алады. Ал қазір бұл тек заңды тұлғаларға ғана беріледі. Яғни қарапайым халық 2021 жылға дейін шыққан автокөлікті ғана елге әкеле алады. Одан жаңасына рұқсат жоқ. Осылайша мемлекеттік орган автонарықты өз қолымен ескі көліктермен толтырмақ па?

Бүгінге дейін шетелден шығарылғанына 3 жыл толмаған көлікті елге әкелген қазақстандықтар 923 теңге төлеп заңдастырып алатын. Құзырлы орган бұл мүмкіндікті жойып отыр. Мұндай шектеу не үшін керек?

Халықтың ашуына тиген тағы да бір мәселе. Шығарылғанына 3 жылда асқан көлікті енді халық шетелден қалауынша әкеле алмайды. Жылына бір автокөлік әкелуге рұқсат етіледі. Оның өзінде ол жүк көлігі болмауы тиіс және автокөліктегі орындар саны 12-ден аспауы керек. Ал отбасы мүшесі одан көп болса не істейді? Жылына бір емес, бірнеше автокөлік әкелсе оның кімге зияны тіиеді? Ресми төлемдерін төлесе жеткілікті емес пе? Бұл халықтың құқығын шектеу емес пе?

Қоғамның қытығына тиген басқа да тұсы бар. Шетелден автокөлік әкелген азаматтарымыз енді көлік бағасының кемінде 42 пайызына жететін салықтық төлем төлеуі мүмкін деп қоғам дүрлігіп отыр. Онсыз да, шетелден автокөлік әкеліп, оның таусылмайтын төлемдерін төлеп ығыры шыққан халықтың қалтасына қайта-қайта түсу дұрыс па? Қоғам дүрліккен соң қаржы министрі бұл мәселені қайта қарастыратынын айтты.

Дәл осы тұрғыда мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы өз ұсыныстарын талап етті.

Біріншіден, қабылданған ережені дереу тоқтатып, халықпен ашық талқылау жүргізілсін. Соңғы шешімді халық айтсын.

Екіншіден, үкімет мүшелері жол апатына жиі ұшырап, жолаушылардың көз жұмуына себепкер деп көрсеткен шағын автобустарды реттейтін жаңа тәсіл жасасын. Оның ішінде оң рулді автокөліктерді де айтып отыр. Белсенді қоғам мүшелері ашық талқылауға ттартылсын.

Үшіншіден, Қазақстанда автокөлік жасаумен айланысатын монополист компаниялар барлық төлем түрінен босатылғаны жасырын емес. Сондықтан олар өздері құрастырған автокөліктің бағасын екі есе төмендетсін. Сол кезде әлемдік нарықтағы бағалар мен Қазақстандағы автокөлік бағалары шамалас болады.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстанда жеке және заңды тұлғалар үшін автокөліктерді әкелу ережелері өзгереді. 18 қарашада Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өзгерістер туралы хабарлама жариялады. Ведомствоның мәліметінше, енді үш жылға толмаған автокөліктерді тек «Көлік құралының түрін бекіту» құжатында тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Демек бұл құжат енді жеке тұлғаларға емес, заңды тұлғаларға ғана беріледі. Сонымен қатар импорттау құқығы «Көлік құралының түрін бекіту» құжатында көрсетілген тұлғаларға ғана сақталады.

Жаңашылдықтар мұнымен бітпейді. Енді қазақстандықтар (жеке тұлғалар) басқа елдерден жылына бір көліктен артық әкеле алмайды. Бұл мәлімет Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құжатында айтылған. Құжат Техникалық реттеу және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберілген. Оған 25 қыркүйекте Индустрия және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қол қойған.

Қоғам белсендісң Санжар Боқаев Үкімет автомобильдердің импорты мен саудасына әдейі монополия енгізіп отырғанын айтты. Олардың жүйесі бойынша мұнымен тек олигархтар ғана айналысуы керек. Бұл өзгерістерді үкімет қарапайым түрде “сұр импортпен күрес” деп түсіндіреді. Бірақ бұл түсініктемемен мүлдем келіспейтінін жеткізген еді.