Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 513
  • 541.16
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

Нарықта және әлемдің экономикада соңғы күндерде болып жатқан жағдай бүгінгі шешімге айтарлықтай әсер етті.

  • 29 Қараша
  • 5
Фото: rshb.ru

Дәл осы меже жыл басында болған. Содан күні бүгінге дейін ставка 14,25%-ға дейін түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұлттық банк бұл жағдайдың себебін түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды.

Қазақстанда жылдық инфляция қазан айында 8,5%-ға дейін өсті. Бұл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан орын алуда. Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсуде. Жоғары ішкі сұраныс жағдайында азық-түлікке жатпайтын тауарлар меннарықтық қызметтер бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауға байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталуда. Қазан айында халықтың инфляциялықкүтулері төмендегенмен, құбылмалы болып қалуда.

Жаһандық инфляция жалпы баяулауда. Бұл дамыған экономикалардағы еңбек нарығындағыжағдайдың тұрақтануы және неғұрлым баяу іскерлік белсенділікті қоса алғанда,  сыртқымонетарлық талаптардың біртіндеп жеңілдеуіне әкелуде. Алайда сыртқы инфляциялық қысым соңғы айларда артуда. Оған азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі, Ресейдегі неғұрлым жоғарыинфляция және айтарлықтай бағамдық ауытқулар себеп болуда. Қаржы нарықтарында едәуір өскен құбылмалылық байқалуда, бұл белгісіздік пен инфляциялық күтулердің өсуіне әсер етуі мүмкін.

Базалық сценарийде Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін орташаесеппен бір баррель үшін 70 АҚШ долларына дейін төмендету жағына қарай қайта қаралды. Сценарий шарттары бағаның нақты динамикасын, Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуін,әлемдік экономиканың баяулауын және Солтүстік және Оңтүстік Америкада өндірудің өсуінескере отырып қалыптастырылған.

2024 жылға болжанған инфляция 8-9%-ға дейін нақтыланды. 2025 жылға арналған болжам – 6,5-8,5%-ға дейін, 2026 жылға арналған болжам 5,5-7,5%-ға дейін өсу жағына қарай қайтақаралды. Инфляцияның орнықты бөлігі 2026 жылы 5%-ға жақын қалыптасады. Жалпы инфляция 2027 жылы нысанаға жақын қалыптасады деп күтіледі. Алдағы жылдарға инфляция бойыншанеғұрлым жоғары болжам фискалдық ынталандырудың кеңеюіне, тұрғын-үй коммуналдық қызметтер (ТКҚ) реформаларының жалғасуына, айырбастау бағамының әлсіреуіне және сыртқыинфляциялық қысымның күшеюіне байланысты. Инфляция болжамының тәуекелдері ішкісұраныс тарапынан қысымның өсуіне, сыртқы инфляцияның жеделдеуіне және инфляциялықкүтулердің артуына байланысты. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыны тұрақтандыруқұралдарына қатысты белгісіздік сақталуда. Реттелетін бағалар мен тарифтерді одан әрі өсуі,оның қарқыны мен мерзімі де болжамның маңызды тәуекелі болып қалып отыр.

2024 жылға болжанған Қазақстан экономикасының өсуі 4-4,5% деңгейінде нақтыланды. 2025 және 2026 жылдарға арналған болжам тиісінше 4,5-5,5% және 4,6-5,6%-ға дейін қайта қаралды. Неғұрлым төмен болжамдар мұнайдың сценарийлік бағасының төмендеуіне және бірқалыпты сыртқы сұранысқа байланысты. Ұлттық Банктің бағалауы бойынша болжамды кезең ішіндеэкономика ішкі ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсетін сұраныстың кеңеюі жағдайында өседі. Бұл орнықты түрде проинфляциялық қысым көрсететін болады.

Айырбастау бағамының әлсіреуі, инфляцияның өсуіне байланысты нақты мәндегі пайыздықмөлшерлемелердің төмендеуі, сондай-ақ оның алдағы жылдарға болжамдарының артуыаясында жиынтық ақша-кредит шарттары жұмсарды. Қаржы нарықтарында өскен құбылмалылықпен бірге бұл базалық мөлшерлемені көтеруді қажет етті. Қаржы және энергетика нарықтарындағы құбылмалылықты ескере отырып, Комитет инфляцияны орнықты баяулаутраекториясына тезірек қайтару және 5%-дық таргетке жету үшін жақын арада шешім қабылдау кезінде ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдату қажеттілігін мұқият бақылайтын болады.

Қабылданған шешім факторлары мен болжам туралы барынша толық ақпарат 2024 жылғы 9 желтоқсанда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада ұсынылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.