"Қымбатшылық болуы мүмкін": Халық теңгенің құлдырауына алаңдап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қымбатшылық болуы мүмкін": Халық теңгенің құлдырауына алаңдап отыр

"Қымбатшылық болуы мүмкін": Халық теңгенің құлдырауына алаңдап отыр

Айта кетейік, 1 желтоқсанда доллар 523 (сатып алу) теңге және 513 теңге (сату) болатын.

  • 2 Желтоқсан 2024
  • 25
Фото: caravan.kz

Теңге күн санап құлдырап барады. 2 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша бір доллардың құны 530 теңгеге жетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мерекелер қарсаңында доллардың қымбаттауы халықтың бойында үрей тудырып отыр. Ел тұрғындары қымбатшылық туындауы мүмкін дейді.

Бұл ретте қаржы сарапшылары пікір білдірді. Дәл қазір Алматыдағы айырбастау пунктерінде бір долларды сатып алу құны 528-530 теңге аралығын құрайды. Ал сату – 526 теңге. Астанада сатып алу 530 теңге болса, сату құны – 520 теңге.

Әрине, қарапайым тұрғын үшін теңгенің құнсызданғаны жағымсыз жаңалық. Біраз адам Ұлттық банк пен Қаржы министрлігін кінәлап жатыр екен. Алайда бұл жерде ескеретін бірнеше фактор бар.

Ең бастысы, бұл жолғы АҚШ долларының қымбаттауына ішкі жағдай емес, Қазақстанға қатысы жоқ сыртқы оқиғалар әсер етіп отыр. Яғни, дәл қазіргідей жағдайда теңге бағамына ықпал ету қиын шаруа. Біріншіден, өткен аптада рубльдің құны күрт арзандады. Тіпті, орыстар «р упала, у пропала, что осталься у рубля» деген әзіл шығарыпты.

Өткенде Путин келгенде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 28 миллиардқа жеткенін, сыртқы саудада екінші орын алатынын естіген шығарсыздар. Мұның жақсы жағы болғанымен, теңге бағамына әсер ететін тұсы да бар. Біз Ресейден көп тауар әкелетіндіктен, рубль бағамының өзгеруі өзімен бірге теңгеге де аздап әсер етеді. Өткен аптада рубль 20,7 пайызға құлдырады, ал теңге 12,8 пайызға құнсызданды.

Екіншіден, бұл жерде біздің теңгеміз ғана арзандамағанын айта кеткен жөн. Доллар құнының өсуіне байланысты басқа елдердің де валюталары арзандады. Мысалы, еуро 3,6 пайызға құнын жоғалтқан. Лира тіпті 17 пайызға құнсызданды. Жапонияның, Кореяның, Канаданың теңгелері де арзандап жатыр. Яғни, бұл жаһандық жағдай.

«Доллар сәл қымбаттағанымен, рубль неге күрт арзандады? Мұның басты себептерінің бірі – сауда санкциясы. Яғни, Ресейдің Украинадағы соғысы салдарынан қазір рубль әбден қалтырауық валютаға айналған. Мұхиттың арғы бетінде Трамп түшкірсе, рубль ауырып қалатын жағдайда тұр», — деп пікір білдірді Айбар Олжаев.

Келесі мәселе, біздің экономикамыз мұнайға тәуелді болғандықтан, оның нарықтағы құны да теңгенің бағамына әсер етеді.

Үкімет доллар 600 теңгеге жетсе, не істемек

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үкіметтегі баспасөз конференциясында доллар 600 теңге болған жағдайға жоспар құрылмағанын жеткізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Министрден журналистер доллар 600 теңге болған жағдайда қандай жоспар құрылғаны туралы сұрақ қойды.

«Үкіметте елдің әлеуметтік-экономикалық жоспары бар. Базалық сценарий бойынша жоспар бар және 500 теңге болғандағы жоспарлар бар. А және Б жоспары бар. Біз жағдайға байланысты жоспар жасаймыз. Ал әзірге доллар 600 теңге болады деген болжам жасап отырған жоқпыз. Біздің жоспарымызда «Б» жоспары ол 500 теңге болды. Доллар 600 болады дегенге жоспар құрмадық. Үкіметтің жоспарлары аясында біз келесі жылы инвестицияны шетелдік валютада сақтауды жоспарлап отырмыз. Ол инвестициялар біздің валюталық нарықтан өтеді. Конвертацияланып, Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Біз осылайша, елге валюталық ағынды күшейтеміз», — дейді Байбазаров.

Жаңа жыл қарсаңында қымбатшылық болады ма

Халықтың үрейі мен алаңдаушылығы белгілі жағдай. Алайда Үкімет азық-түлік бағасын қадағалап отыр, деді министр Нұрлан Байбазаров.

«Үкімет жағдайды қадағалап отыр және әлеуметтік маңызы бар заттарға қатысты экономикадағы бағаларды тежеуге бағытталған шараларды қабылдайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жаңа егіннің қоры пайдаланылады. Қысқы және көктемгі маусымаралықта азық-түліктің айтарлықтай қоры қалыптасты. Тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймаларында 826 мың тоннадан астам негізгі азық-түліктің 29 түрі бар. Бұл қорлар сақтау мерзімін ескере отырып, жүйелі түрде толықтырылады және елдің бірнеше айлық қажеттілігін өтеуге қабілетті», – деді Серікұлы.

Сонымен қатар министр жаңа жыл кезінде бағаның өспеуін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Өңірлерде тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Қысқы және маусымаралық кезеңде бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін ақпан айының басында тұрақтандыру қорларынан көкөністерді шығаруды бастау жоспарлануда, бұл нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз етуге әрі баға ауытқуының алдын алуға мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы.

Перейти к новостям спорта