"Отырайық үйде 12 толмаған балаға қарап, Закиева екеуің тамақ әкеп, кредитті жабасыңдар ма?": Жаңа заңды қолдаған Әбдікәрімованың басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отырайық үйде 12 толмаған балаға қарап, Закиева екеуің тамақ әкеп, кредитті жабасыңдар ма?": Жаңа заңды қолдаған Әбдікәрімованың басы бәлеге қалды

"Отырайық үйде 12 толмаған балаға қарап, Закиева екеуің тамақ әкеп, кредитті жабасыңдар ма?": Жаңа заңды қолдаған Әбдікәрімованың басы бәлеге қалды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның 12 жасқа толмаған балаларға қатысты заңына қолдау көрсетті.

  • 3 Желтоқсан
  • 92
Caravan.kz

Десе де актрисаның бұл әрекеті халыққа ұнамай қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі өз пікірін желідегі парақшасында білдірген.

«ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатқызы Закиевамен кездестім. Ең алдымен ана ретінде мен үшін балаларға қатысты барлық тақырып өте маңызды. Өзімді мазалап жүрген, ойландыратын, алаңдататын біраз тақырыпты айттым. Көп мәселеде ойымыз бір екені қуантты. 

Мәселен: 
Кәмілет жасына толмаған балалардың фото-видеоларын қолдану арқылы қайырымдылық қорларының қаражат жинауына тыйм салу; 
📍 Жасөспірімдерді қолдау жолында сенім телефонынан бөлек бірнеше тетік, алаң ұсыну;
📍Елдегі балалар, жасөспірімдер контентін қолға алу; (жалғыз “Балапан” арнасы бар. Көрермені 0+6 жас аралығы) 
📍 Қазір «Профессиональная ориентация» бағытын бизнеске айналдырып алған жекеменшік кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан шұғыл бақылауға алу. 

Динара Болатқызы бұл қызметке келгелі екі жылға жуықтады. Үнемі бақылап отырамын. Ең қуантқаны және үлкен жеңіс — елдегі барлық өңірлерде қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын көбейтуді талап етуі болды. Бұл қадам балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға зор ықпал етеді.  Сондай-ақ елдегі жасөспірімдерге арналған алаң қажет екенін де жеткіздім.

Динара Закиева бүгін 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайтындығын заңмен талап ету керек денен ой көтерді. Ал сіздің пікіріңіз қандай?», — деп жазды ол.  

Көпшілік өнер иесінің бұл пікірімен келіспей, сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.