"Осындай ниетіне қыз бермеген": Келінді төркінге жібермеймін деген Айнұр Жүгінісова сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осындай ниетіне қыз бермеген": Келінді төркінге жібермеймін деген Айнұр Жүгінісова сынға қалды

"Осындай ниетіне қыз бермеген": Келінді төркінге жібермеймін деген Айнұр Жүгінісова сынға қалды

Ағайынды Жүгінісовтердің анасы, актриса Айнұр Жүгінісова келіндерімен қарым-қатынасы туралы айтты.

  • 9 Желтоқсан
  • 123
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Кейінгі кездері ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап жүрген өнер иесі журналистің «Бала бір жасқа толмайынша келіндеріңізді төркініне жібермейді екенсіз. Неліктен?» деген сауалына жауап берді.

«Қыз баланың сіңуі деген бар. Біз оны да келісіп аламыз. Біз келінімнің төркінінен алыс тұрамыз. Мүмкін, төркіні Астанада тұрса, барып та келер еді. Қорқынышты ештеңе жоқ. Бірақ, қыз баланың сіңіп кетуі деген бар. Қазір бізде ажырасу неден болып жатыр? Бүгін түседі де, ертең қызым қалайсың деп хабарласады. Ол дұрыс емес. Сен қызыңды бердің, өз үйін тапты деп қуанып отырсың ғой. Қазақта аурудың ғана халін сұрайды. Кеткен адамның жағдайын сұрамайды. Ол өз үйін тапты. Сен қайта қуанып, жүрегің жайланып отыруың керек. Өзің артыңа қарама деп шығарып салдың. Өзің тағы өз сөзіңе қарсы шығып отырсың. Қыз баланы сәукелесін кигізіп, өлген адам ұқстатып, оң жағынан шығарып салады. Тапсырдың, болды жібердің. Үш күннен кейін чемоданын сүйреп келгенге қарағанда, қыздың жиенмен, күйеуімен келгенде абыройлы емес пе?!», — дейді ол.

Айнұр Жүгінісованың бұл мәлімдемесін желі қолданушыларының басым бөлігі қатаң сынауда.

«Өзінде қызы жоқтар осылай сайрайды», «Осындай ниетіне қыз бермеген шығар», «Қумаңызшы апа», «Мына кісіні жақсы адам деп жүр едім, мына сөзінен кейін ойым өзгерді», «Кім тыңдайды екен бұны», «Ажырасу осы сияқты енелердің кесірінен көп», «Бұл да Гүлзира сияқты қызы болмағасын келіндерге ереже енгізіп әлек», «Өзі ұлын бір жыл көрмей отырса көрер едім», — деп жазды олар.