"251 өлім": Еңбек қауіпсіздігін бұзғандар енді жазасыз қалмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"251 өлім": Еңбек қауіпсіздігін бұзғандар енді жазасыз қалмайды

"251 өлім": Еңбек қауіпсіздігін бұзғандар енді жазасыз қалмайды

Еңбек қауіпсіздігі ережелеріне көз жұмып қарау жазатайым оқиғалардың орын алуына себепші.

  • 20 Желтоқсан 2024
  • 9
Фото: firelic.com

Бір жылда өндірісте тіркелген жазатайым оқиғалардың статистикасы қорқынышты. Ал еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғандардың көпшілігі тек ескерту алып құтылып келген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Енді еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу жазасыз қалмайды.

«Қызметкерлер қауіпсіз еңбек жағдайына лайық. Ал мұны түсінбейтіндер заң алдында жауап береді», — деп жазды мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында.

Статистикаға көз жүгіртсек, бір жылда 1 232 жазатайым оқиғасы тіркелген. Оның 251-і адам өлімімен аяқталды. Сол оқиғалардың 24%-ы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан болған. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл — адамның өмірі.

Бұл уақытқа дейін көпшілік ереже бұзушылақтар тек ескертумен шектеліп келген. Ал егер бұл бұзушылық адамның өмірін қиып кетсе, кім жауап береді?

Халық қалаулысының айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілді. Қызу талқылаулардан кейін қабылданды. Енді ескерту болмайды. Тек нақты әрі әділ жаза болады.

Не өзгерді?

-Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.

-Айыппұлдар көлемі артты:

-алғашқы бұзушылық үшін — 20-дан 120 АЕК-ке дейін;

-қайталанған бұзушылықтар үшін — 40-тан 240 АЕК-ке дейін.

Депутаттың айтуынша, бұл айыппұлдар ақша жинау емес. Бұл — әділдік және адам өмірін қорғау. Адал жұмыс берушілерге алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл нормалар тек қауіпсіздікті елемейтіндерге қатысты болмақ.

Перейти к новостям спорта