"МӘМС-ке жарна төлемейді": 3,5 миллион азамат онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"МӘМС-ке жарна төлемейді": 3,5 миллион азамат онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр

"МӘМС-ке жарна төлемейді": 3,5 миллион азамат онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр

Қазақстанда 210 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан.

  • 24 Желтоқсан
  • 25
Фото: gov.kz

Себебі олар МӘМС-ке жарна төлемейді. Бұл — бүгінгі күннің шындығы. Мәжіліс депутаты қазақстандықтардың өміріне алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қатерлі ісік — ұзақ уақыт бойы еш белгі бермейтін қауіпті ауру. Ал алғашқы белгілері пайда болғанда, көп жағдайда тым кеш болып жатады: метастаздар, ауырсыну, жоғалған өмірлер.

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны жыл сайын артып келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр.

«Бұл тек статистика емес — бұл мыңдаған отбасының трагедиясына айналуы мүмкін. Бұл біздің достарымыз, көршілеріміз, туыстарымыз. Бұл мәселені шешу үшін бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз», — деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Жақында барлық азаматтар үшін, оның ішінде МӘМС-ке жарна төлемегендер үшін де, онкологиялық скринингті қолжетімді етуді қарастыратын түзету енгізілді. Иә, бұл қосымша қаржы талап етеді, бірақ бұл көптеген адамның өмірін құтқарады.

Адамгершілік тұрғысынан бұл — дұрыс шешім. Ал экономикалық тұрғыдан бұл — прагматикалық қадам. Себебі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Денсаулық сақтау министрінің біздің осы бастамамызға белсенді түрде қолдау көрсетіп жатқаны қуантады. Үкімет те өз қорытындысын беріп , бұл бастамамызды қолдады.Келесі жылы бұл заңды қабылдап, мыңдаған адамның өмірін құтқара аламыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл — біздің азаматтарымыздың өмірі», — деп қосты Мәжіліс депутаты.

Жыл сайын 40 мыңнан астам адамға қатерлі ісік диагнозы қойылып, 12 мыңға жуық науқас осы дерттен қайтыс болады.

Ең жиі кездесетін онкологиялық аурулар арасында сүт безі, өкпе, ішек және асқазан обырлары бар. Әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігі кең таралған, жыл сайын 5 мыңға жуық әйелге осы диагноз қойылады.

Онкологиялық аурулардың көбеюі денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды мәселе болып отыр. Сондықтан ерте диагностика мен алдын алу шараларының маңызы зор. Дәрігерлер тұрақты тексерулерден өтіп, салауатты өмір салтын ұстануды ұсынады.

Қатерлі ісікке шалдыққандар санының өсуі халықтың денсаулығына қатысты мәселелерге назар аударуды қажет етеді. Мамандардың айтуынша, ерте анықталған жағдайда көптеген онкологиялық ауруларды емдеуге болады. Сондықтан өз денсаулығыңызға мұқият болып, уақытылы медициналық тексерулерден өту маңызды.

Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:

1) сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)

2) жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)                           

3) колоректалдық обырға  скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).