Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін 3 жылға сотталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін 3 жылға сотталып кетті

Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін 3 жылға сотталып кетті

Ол трендтегі шоколадттың арқасында алаяқтық жолмен ақша тапқан.

  • 8 Қаңтар 2025
  • 11
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты он адамнан Дубай шоколады үшін ақша алып, алдап кеткен жігітті 3 жылға шартты түрде соттады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жігіт он адамнан жалпы сомасы 301 020 теңге алған екен.

«Прокурор оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Оның адвокаттары жігітті ақтап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Жігіт он адамға алған ақшасын қайтарып беріп, алаяқтық жасағанына өкінетінін айтқан. Сот жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескеріп, оны 3 жылға бас бостандығынан шеттеткен», — деп хабарлайды сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.