Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, 21 жасар азамат туыстарының бәрін тамақтан орып, бірнеше жерден пышақтаған.
«Ойыннан өрт шықты!
Қанша жерден мал құлағы саңырау десек те, бұл сұмдықты ел білу керек. Астаналық 21 жасар жігіт өз отбасын қырып салды. Ойынның соңына түскен геймер түнгі 03:00 болғанын да білмеді:
— Телефонды қой! Осы ойынды ойнамашы, ұйықтайық деп ескертеді тәтесі.
Бұл ескерту, әлбетте, ойынқұмарға жақпай қалады. Бәрі ұйықтағанымен, ол ұйықтамады. Есіл-дертін жаулаған онлайн-ойынның көмегімен жымысқы пиғылын іске асырды. Бір үйде тұратын жақын туыстары ұйықтады-ау дегенде бәрін тамақтан орып, пышақтап тастады
Алдымен бауырын бас салады, оған 20 жерден пышақ салып үлгеріпті. Жақын бауыры сол жерде қайтыс болады, туыс қарындасы мен екі апасы қазір ауруханада. Жағдайлары ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғады.Әлеуметтік желіде жігіт Standoff2 ойынына баспен кіріп кеткен деседі. Ұлтқа зиян, елге жау, адам психикасын улайтын қатыгездікке толы ойындарға неге тосқауыл жоқ???», — деп жазды журналист.
Желі қолданушылары адамның психикасына кері әсер ететін онлайн ойындарға тыйым салу керегін жазуда.
«Адамды жауыздыққа тәрбиелейтін ойындарға неге тыйым салмайды», «Тик ток, ойындарды бәрін өшіріп тастау керек», «Блогерлер де неше түрлі казина, онлайн ойындарды жарнамалайды, соларды да тексеру керек», «Телефонсыз сүрген өміріміз жақсы еді», «Осындай ойындардан қаншама отбасы зардап шегіп жатыр», — деп жазды олар.