Трамп Украинадағы соғысты 100 күнде аяқтауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп Украинадағы соғысты 100 күнде аяқтауды тапсырды

Трамп Украинадағы соғысты 100 күнде аяқтауды тапсырды

АҚШ президенті былтыр сайлауалды бағдарламасында көптеген оқыс ойлар айтқан, оның ішінде Украина-Ресей соғысына қатысты да мәлімдеме жасаған.

  • 22 Қаңтар
  • 6
Фото: Consolidated News Photos

Дональд Трамп Украина мәселесі бойынша арнайы өкілі Кит Келлогқа соғысты аяқтауға 100 күн уақыт берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Алайда The Wall Street Journal газеті мұны істей алатынына ешкім, әсіресе — ресейліктер сенбейтінін жазды.

Газеттің жазуынша, Келлогқа тапсырма беру — Трамптың келіссөз бойынша жасаған алғашқы қадамы.

Басылым атап өткендей, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен келісім жасау Трамп сайлау науқаны кезінде ойлағаннан да күрделі міндет. Ол кезде ол қақтығысты Мемлекет басшысы қызметіне кіріспес бұрын аяқтайтынын мәлімдеген.

Газет көздері АҚШ-тың жаңа Президенті Украинадағы келіссөздер процесін өзі басқаруды жоспарлап отырғанын хабарлайды. Осы себепті Келлог кез-келген нақты келіссөздерге жіберілмеуі мүмкін.

Трамп Украинадағы қақтығысты қызметке кіріскеннен кейін 24 сағат ішінде аяқтау туралы өзінің уәделеріне түсініктеме беріп, тағы жарты күні бар екенін алға тартты. Ол Владимир Зеленский келісімге дайын деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Трамп президент болсам, бір тәулік ішінде соғысты тоқтатамын деп уәде берген еді. Халықаралық сарапшылар Трамп саяси беделі үшін биылдан қалмай екі тарапты келіссқзге келтіруге күш салады деді.