Олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Арман Жұмагелдиев, Қайрат Құдайберген, Руслан Ысқақов және басқа да айыпталушылардың сот процесі жабық режимге ауыстырылған. Іс «құпия» деген белгімен өтіп жатқанына қарамастан желіде сот процесінің фрагменттері видео арқылы тарап кеткен. Айыпталушылардың бірі — ҰҚК 5-ші департаментінің басшысы Руслан Ысқақ
Жұмагелдиев 2022 жылдың қаңтарында ұсталған. Ұсталғаннан кейін Бас прокуратура Жұмагелдиевтің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздік» және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды, қаруды, оқ-дәрілерді сақтау, тасымалдау, заңсыз иемдену, өткізу» бойынша айыпталғанын мәлімдеді.
Оның соты 2023 жылдың қазан айында басталды.
Соттың үкімімен «Дикий Арман» 20 жылға сотталды.
Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде Қаңтар оқиғасына қатысты деп ұсталған болатын. Құдайберген жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінген. Сонымен қатар оған Арман Жұмагелдиевке белсене көмектесті деген айып тағылған болатын.
Қайрат Құдайбергенге қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды және ол «Құрмет» орденінен айырылды.
Экс-депутат 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокурор «Дикий Арманға» 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл сұраған болатын.
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған блогер де бірнеше бап бойынша 7 жылға сотталды. Ол «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Бердах Бекетов. Полиция Бердах Бекетовті 2022 жылы 22 қаңтарда көшеден ұстап, алып кеткен болатын. Оған «жаппай тәртіпсіздік жасады» деген айып тағылды.