Қаралы хабармен Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Біз бүгін Адикпен қоштастық. Сен жақсы адам, дос, әке, жар бола білдің. Біз сені жақсы көреміз, жүрегіміздің қағысы тоқтамайынша сені естен шығармаймыз. Иманды бол», — деп жазды продюсер.
Адилжан Юсупов әнші, актриса Жарқынай Ханайымның продюсері әрі қайынғасы еді.
«Айланың тілін тауып, еркелететін атасы еді. Кеше ғана қасымызды отырған Адилжан ағамызбен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, күліп, мотивация айтып жүретін жүзіңізді сағынамыз. Иманды болыңыз. Өмір деген арзанға алданып, күндер өте береді екен. Әр сәтті қадірлейікші… Өткенді ойлап, болашаққа алаңдап, бүгінгі күннің нығметін жоққа шығармайық. Бүгін бар, ертең жоқ пендеміз бәріміз. Бас аман кезде бәрінің шешімі бар. Өлмейтіндей өмір сүрмейікші…», — деп жазды Жарқынай Ханайым.