Қазақстанда мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер санын қысқарту туралы петиция пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер санын қысқарту туралы петиция пайда болды

Қазақстанда мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер санын қысқарту туралы петиция пайда болды

Әлеуметтік желіде мемлекеттік аппараттағы шенеуніктер санын қысқарту туралы петиция пайда болды. Оны бастамашыларының бірі – қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов.

  • 14 Наурыз
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер санын 25%-ға қысқарту міндетін қойды. Алайда бұл мәселенің жыл сайынғы жолдауларда үнемі айтылып келе жатқанына қарамастан, қойылған міндет әлі орындалған жоқ. Біз мұны саяси ерік-жігердің жоқтығы мен мемлекеттік аппараттың өз мүддесіне қайшы келетін реформаларды өз бетінше жүзеге асыра алмауымен байланыстырамыз», – делінген өтініште.

Петиция авторларының пікірінше, мемлекеттік аппарат ұлғайып келеді, бұл бюджет шығындарының көбеюіне әкеледі. Оларға жалақы, іссапарлар, қызмет көрсету, көлік, ғимараттарды ұстау және басқа да шығындар жатады.

«Біздің есептеуіміз бойынша, бір мемлекеттік қызметшіні ұстауға бюджеттен оның жалақысынан 10 есе көп қаражат жұмсалады. Мысалы, егер жалақы 500 мың теңге болса, онда бір қызметкерге кететін жалпы шығындар айына 5 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, – делінген петицияда. – Мемлекеттік аппарат өзін-өзі реформалауға мүдделі емес, сондықтан қысқарту бойынша қойылған міндетті орындау сыртқы сарапшыларды тартпай жүзеге аспайды. Мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту бюджеттен қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл қаражатты әлеуметтік бағдарламаларға, денсаулық сақтау мен білім беруге, инфрақұрылымды дамытуға бағыттауға болады», – делінген петицияда.

Авторлар мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту үшін тәуелсіз аудит жүргізіп, нақты жоспар әзірлеу мақсатында беделді шетелдік консалтингтік компаниялардың сарапшыларын тартуды талап етеді.

«Біз мұндай зерттеулерге жұмсалатын шығындар (жылына шамамен 2 миллиард теңге, 5 жыл бойы) бюджет қаражатын үнемдеудің есебінен өтеледі деп санаймыз. Бұл зерттеулерге қажетті қаражат форумдарға, симпозиумдарға, іссапарларға және қажетсіз тауарларды сатып алуға жұмсалатын шығындарды қысқарту есебінен табылуға тиіс», – делінген құжатта.

Авторлардың пікірінше, алғашқы аудит Астанадағы министрліктер, ведомстволар мен агенттіктерде, сондай-ақ облыстық әкімдіктерде жүргізілуі қажет.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шыққанын жаздық. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы 1XBET букмекерлік кеңсесінде бәс тіккен. Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға салынған тыйым туралы талаптардың бұзылғанын прокурорлар анықтады.