Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Алатау Жарық Компаниясы» Алматыда электр энергиясы үшін берешекті өндіру шараларын күшейтеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
12 мамырдан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» – «ЭнергоСбыт» АҚ филиалы мерзімі өткен төлемдері бар тұтынушыларға қатысты электрмен жабдықтауды шектеу шараларын кезең-кезеңімен енгізеді.
«Іс-шаралар күн сайын сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі және тек қарыздары бар мекенжайларда болады. Электрмен жабдықтау қарызды толық төлегенге дейін уақытша тоқтатылады. Борышкерлермен өзара іс-қимыл мүлік иелерінің бірлестіктері және тұрғын үй кооперативтері арқылы жүзеге асырылады, бұл адал тұтынушылар үшін қолайсыздықты барынша азайтуға мүмкіндік береді», — дейді компания.
Мамандардың айтуынша, электр энергиясын беруді уақытша шектеу – шарт талаптарын бұзатын тұтынушыларға қатысты ең тиімді шара.
«Бүгінгі таңда Алматыда тұтынушылар арасындағы жиынтық берешек 1,2 миллиард теңге болды. Абоненттерге берешектің бар-жоғын алдын ала тексеріп, ақпаратты нақтылау үшін өз мүлік иелерінің бірлестіктеріне немесе 356-99-99 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына тікелей жүгіну керек», — дейді «Алатау Жарық Компаниясы»
Абоненттерге берешектің бар-жоғын алдын ала тексеріп, ақпаратты нақтылау үшін өз мүлік иелерінің бірлестіктеріне жүгіну ұсынылады.