Мектептерде профориентолог мамандығын енгізу жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептерде профориентолог мамандығын енгізу жоспарланып отыр

Мектептерде профориентолог мамандығын енгізу жоспарланып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейтуге ерекше назар аударды. Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, мектептерде профориентолог мамандығын енгізу жоспарланып отыр.

  • 8 Мамыр
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл бастама жастарды еңбекнарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға бағыттауғамүмкіндік береді және еліміздің адами капиталын дамытуғасерпін бермек.

Осы бастамаларды қолдау мақсатында Қазақстанныңбарлық аймақтарынан педагогтар, профориентологтар, психологтар және білім беру саласының мамандары үшінүлкен мүмкіндік — ІІ Республикалық кәсіби бағдарберушілер форумы ұйымдастырылады. Форум биылғыжылдың ең маңызды кәсіби дамуға арналған іс-шараларының бірі болады деп санаймыз.

Форумда төмендегідей тақырыптар қамтылады:

•​Заманауи профориентация әдістемелері;

•​Грант сарапшысы болудың мүмкіндіктері мен жетістіктері;

•​2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы: сұранысқа иесалалар;

•​Жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалы;

•​Мектеп профориентологының рөлі және маңызы.

Форум аясында:

•​Жылдың үздік профориентологтары ресми түрдемарапатталады.

•​Кәсіптік бағдар саласындағы соңғы трендтер мен тәжірибелер ұсынылады.

•​Грант эксперті болудың қыр-сырын білесіз.

•​Пайдалы нетворкинг мүмкіндіктері болады.

Бас спикер:

Жадыра Тойбай — ҚР Ақпарат саласының үздігіпрофориентологPhD.

Сонымен қатар, форумға ҰБТ-дан алған баллына қарайгрантқа түсу мүмкіндіктеріне, гант түрлеріне қатыстыақпараттар айтылады. Осы саланың жетекші сарапшыларықатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Перейти к новостям спорта