25 тамыздан бастап АҚШ-қа пошта жөнелтуді уақытша тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
25 тамыздан бастап АҚШ-қа пошта жөнелтуді уақытша тоқтатады

25 тамыздан бастап АҚШ-қа пошта жөнелтуді уақытша тоқтатады

Үндістан пошта қызметі сенбі күні 25 тамыздан бастап АҚШ-қа барлық пошта жөнелтілімдерін уақытша тоқтататынын жариялады

  • 25 Тамыз
  • 3
Фото: freepik.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешім осы айдың соңында күшіне енетін АҚШ-тың кеден ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты қабылданған.

АҚШ үкіметі бұған дейін «de minimis» деп аталатын кеден ережесін жойған болатын. Бұл ереже шеңберінде құны 800 АҚШ долларына дейінгі сәлемдемелер елге кедендік баж салығынсыз кіргізіле беретін.

Үндістан тарапының нақтылауынша, жаңа талап бойынша халықаралық пошта желісі арқылы жөнелтілімдерді жеткізетін тасымалдаушылар немесе АҚШ Кедендік және шекара қызметі (CBP) бекіткен басқа да «уәкілетті тараптар» сәлемдемелерге баж салығын есептеп, жинауға міндетті болады.

CBP 15 тамызда кейбір нұсқаулықтарды жариялағанымен, уәкілетті тараптарды анықтау және баж салығын жинау мен аудару тетіктері әлі нақты айқындалмаған. Осыған байланысты АҚШ-қа жеткізу қызметін жүзеге асыратын әуе тасымалдаушылары 25 тамыздан кейін пошта жөнелтілімдерін қабылдай алмайтындарын мәлімдеді. Олар мұны операциялық және техникалық дайындықтың жеткіліксіздігімен түсіндірді.

Осы жайттарды ескере отырып, Үндістанның пошта департаменті 25 тамыздан бастап АҚШ-қа бағытталған барлық пошта жөнелтілімдерінің тіркелуін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Алайда, хаттар, құжаттар және құны 100 АҚШ долларына дейінгі сыйлықтар сияқты кейбір санаттағы жөнелтілімдер бұл шектеуден тыс қалып, оларды қабылдау және жөнелту жалғаса береді. Бұл — АҚШ тарапынан қосымша түсініктемелер берілгенге дейінгі уақытша шара.

Перейти к новостям спорта