“Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма”: Ертуған Зейнуллинов жеңілісінен кейін пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма”: Ертуған Зейнуллинов жеңілісінен кейін пікір білдірді

“Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма”: Ертуған Зейнуллинов жеңілісінен кейін пікір білдірді

Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Ертуған Зейнуллинов пікір білдірді.

  • 11 Қыркүйек
  • 72
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ертуған Зейнуллинов Париж олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық боксшы Асахуджа Муйдинхужаевтан жеңілді.

Отандасымыз жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, қолдаушыларына алғысын білдірді.

“Ассалаумағалейкум қазақ елім. Барымды салдым, өздеріңіз көргендей, бәрі де Алланың қалауымен болды. Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма – оны бағалау сіздердің қолдарыңызда. Ең әуелі – Аллаға шүкір! Бапкерлеріме шексіз рақмет, оларсыз бұл жолға жете алмас едім. Халқыма қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің сенімдеріңіз – маған ең үлкен күш. Бұл тек бастамасы ғана, алда бұдан да биік белестер бар. Қазақ елінің абыройын асқақтату үшін тер төгуді жалғастыра беремін!”, — деп жазды ол.

Ертуған Зейнуллинов пен Асахуджа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жекті қазақстандық бокс жанкүйерлері қызу талқылауда. Олардың басым бөлігі төрешілердің шешімімен келіспейді.

”Ертуған, сен жеңдің, барыңды салдың”, “Сен тоқтап қалма, таза жеңдің”, “Бокс саясат болып кетті. Өзбекстанды әдейі көтеріп жатқан сияқты”, “Батыр сен таза ұттың, Асахуджа дым істей алмады, реферидің өзі сенің қолыңды көтерді ғой”, — деп жазды олар.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера