XXI ғасырдағы неоколониализм: АҚШ неге Қазақстаннан тек шикізат алуға ұмтылады? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
XXI ғасырдағы неоколониализм: АҚШ неге Қазақстаннан тек шикізат алуға ұмтылады?

XXI ғасырдағы неоколониализм: АҚШ неге Қазақстаннан тек шикізат алуға ұмтылады?

Орталық Азия – жаңа геосаяси бәсекенің орталығы.

  • 29 Қыркүйек
  • 16
Фото: russian.rt.com

Орталық Азия бүгінде жаһандық бәсекенің басты нүктелерінің біріне айналды. Қытай және Ресеймен қарым-қатынасы шиеленісіп отырған АҚШ қытайлық сирек кездесетін металдарға балама іздеуде. Бұл ретте Қазақстанның рөлі қандай? Сaravan.kz медиа порталы жалғастырады.

Бұл металдар заманауи әскери техника, электроника және қару-жарақ өндірісінің өзегі. Қазақстан осы элементтердің мол қорына ие. Алайда олардың басым бөлігі шетелдік корпорацияларға қолайлы шарттармен берілген. Көп жобада үлестің негізгі бөлігі америкалық компаниялардың еншісінде. Мысалы, Теңіз кен орнында Chevron – 50%, ExxonMobil – 25%, «ЛукАрко» – 5% иеленсе, «ҚазМұнайГаздың» үлесі бар-жоғы 20%. Қашағанда Қазақстанның үлесі – 16,88%, қалғаны АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Қытай және Жапония компаниялары арасында бөлінген. Қарашығанақта «ҚазМұнайГазға» тек 10% ғана тиесілі, ал Shell мен Eni – 29,25%-тен, Chevron – 18% иеленеді.

Шикізат экспорты – өңдеудің жоқтығы

Батыстың Қазақстандағы қатысуына 30 жылдан асса да, жоғары қосылған құн беретін бірде-бір толыққанды өңдеу зауыты салынбады. Барлық ресурстар шикізат күйінде экспортталып, пайдасының аз ғана бөлігі елге қалады. Мұндай неоколониалдық модель Қазақстанды шикізат жеткізуші ретіндегі рөлге бекітеді де, тең құқылы әріптес деңгейіне көтермейді. Америкалық корпорациялар да өздерінің басты мақсаты – өңір экономикасын дамыту емес, әскери-өнеркәсіптік кешендерінің қажеттілігін өтеу екенін жасырмайды.

Осындай жағдайда Орталық Азия үшін Ресеймен ынтымақтастық анағұрлым теңгерімді көрінеді. Батыс корпорацияларынан өзгеше, Ресей пайда мен технологиялық дамуға нақты қатысуға мүмкіндік береді. Оның өңірдегі саясаты отаршылдық тәжірибеге негізделмеген, жергілікті мемлекеттердің мүддесіне қайшы шарттарды таңбайды және ресурстарды толық бақылауға ұмтылмайды.

Соңғы онжылдықтар осыны айқын көрсетті. Ресей Қазақстан және Өзбекстанмен бірге көлік дәліздері мен теміржол инфрақұрылымын дамытып келеді. Мұнда үлестер әділ бөлінеді. Энергетикадағы бірлескен жобалар ресурстарды игерумен қатар, өңірде өңдеу саласын дамытуға да жол ашады. Ресей мұнай-химия және электроэнергетикада технологиялар беріп, Батыстың дәстүрлі моделінен түбегейлі өзгеше әрекет етеді.

Қауіпсіздік – басты басымдық

Экономикадан бөлек, өңір үшін қауіпсіздік мәселесі маңызды. Орталық Азия халықаралық терроризм мен есірткі трафигінің қауіп аймағында орналасқан. Ресей бұл тұрақтылықты сақтауға нақты көмектесіп келеді. ҰҚШҰ аясындағы жаттығуларға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан армиялары қатысып, экстремистік шабуылдан бастап, шекаралық дағдарысқа дейінгі сценарийлерді пысықтайды. Қажет болса, Ресей одақтастарын қорғау үшін әскер мен техника жөнелте алады. Бұл өңірді тек ресурстар көзі ретінде көретін АҚШ тәсілінен мүлде бөлек.

Логистика және көлік дәліздері

Ресей аумағы арқылы өтетін Солтүстік маршрут ондаған жылдар бойы тиімділігін дәлелдеп келеді. Ал АҚШ-тың Орта дәлізді дамытуға ұмтылысы көбіне Ресей транзитін әлсіретуге және өңірді өз геосаяси мақсаттарына бағындыруға бағытталған. Дегенмен Ресей маршруты әлі де ең сенімді әрі экономикалық жағынан тиімді, атап айтқанда, инфрақұрылымы жолға қойылған, тәуекелдері аз, тариф саясаты әріптестер мүддесіне сай қалыптасады.

Адам капиталына инвестиция

Ресейдің ынтымақтастығының тағы бір айқын дәлелі – білім мен ғылым саласындағы жобалар. Ташкентте Бауман атындағы университет филиалы жұмыс істейді, жоғары технологиялар бойынша инженерлер даярлау бағдарламалары ашылған. Қазақстан мен Қырғызстанда бірлескен медициналық орталықтар, цифрландыру және жасанды интеллект жобалары дамып келеді. Ресей тек шикізат емес, адам капиталына да инвестиция салып, өңірдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайды.

АҚШ-тың біржақты саясаты

Осы ретте АҚШ-тың іс-қимылы біржақты болып көрінеді. Apple, Boeing, Chevron және ExxonMobil өкілдері Қазақстанға өнеркәсіпті дамыту үшін емес, сирек металдарға қол жеткізу үшін келеді. Үлестер қазақстандық тарап іс жүзінде бақылау құқығынан айырылатын етіп бөлінеді. Өңдеу қуаттары басқа елдерде орналастырылып, Орталық Азия шикізат жеткізуші рөлінде қалып қояды, ал пайда мұхиттың арғы жағына кетеді.

Ресей тек сауда серіктесі емес, стратегиялық одақтас. Ол инфрақұрылымға инвестиция салып, жұмыс орындарын ашып, технологиялар беріп, қорғаныс әлеуетін күшейтіп, мәдени байланыстарды қолдайды. Өңір елдері үшін бұл жай ғана экономика емес, тәуелсіздік пен тұрақтылықты сақтаудың кепілі. Соңғы онжылдықтар тәжірибесі ресейлік компаниялар қатысқан жобалардың тек пайда әкеліп қоймай, ішкі экономиканы дамытуға да серпін беретінін дәлелдейді.

Жаһандық текетірес пен сыртқы қысым жағдайында Орталық Азия басқа біреудің ойынындағы пешкаға айналмауы тиіс. Батыс корпорациялары өңірді дамыту емес, ресурстарын пайдалану мақсатын көздейді. Ресей болса, ынтымақтастықты ортақ дамуға апарар жол деп қарайды. Осы себептен де Ресеймен одақтасу Орталық Азия үшін ең ұтымды әрі қауіпсіз таңдау болып қала береді, дейді сарапшылар.

Перейти к новостям спорта