Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 508,20 теңге болып, 4,8 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы — 513,45 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы мынадай:
Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде:
- сатып алу- 508,09 теңге,
- сату — 510,63 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде:
- сатып алу — 506,44 теңге,
- сату — 512,44 теңге.