Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды

Головкин бокс даңқ залына енгізілген алғашқы қазақстандық болды

Геннадий Головкин ресми түрде халықаралық бокс даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді

  • 5 Желтоқсан
  • 10
ФОТО: gggboxin

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды.

Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы орта салмақтағы ең табысты мансаптардың бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Көп жыл бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті.

Кәсіпқой боксқа өткен соң Геннадий Головкин аты дүркіреген чемпиондардың біріне айналды. Кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті. Кәсіпқой мансабында WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін де иеленді.

«Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар қатарында ресми түрде аталады. Әр жылдары бұл қатарға Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сынды даңқты спортшылар енген», — деп жазылған хабарламада.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера