Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Алматылық “Қайрат” грекиялық “Олимпиакоспен” кездеседі. Екі команда да турнир кестесінде төменгі орындарда және әлі бірде-бір жеңіске жетпеген. Сондықтан бұл ойын қос команда үшін де шешуші маңызға ие.
Ойын Астана уақытымен 20:30-де басталады. Матч Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
“Қайраттың” қазіргі жағдайы
Алматылық клуб биыл алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, тарихи мүмкіндікке ие болды. Алайда қарсыластардың деңгейі жоғары болғандықтан дебюттік маусым оңай болып жатқан жоқ. Бес турда “сары-қаралар” “Пафоспен” тең ойын көрсетіп (0:0), бір ғана ұпай жинады.
Қалған матчтар:
- “Спортинг” — 1:4
- “Реал” — 0:5
- “Интер” — 1:2
- “Копенгаген” — 2:3
Турнир кестесінде “Қайрат” — 35-ші орында. Алдыңғы матчта екі гол соққанымен, қорғаныстағы қателіктер жеңісті қолдан шығарып алды. Дәл осы матчта команданың “үздік бомбардирі” Дастан Сәтпаев сары қағаз алды. Ол сары қағаздар лимитіне байланысты “Олимпиакосқа” қарсы ойыннан шет қалады.
“Олимпиакос” – қарсыластың қазіргі формасы
Грекиялық клуб бес турда екі ұпай жинап, жалпы кезеңнің кестесінде 33-орнында келеді. Нәтиже аса жоғары болмағанымен олардың барлық үш жеңілісі де “Арсенал”, “Барселона” және “Реал Мадрид” секілді Еуропаның алпауыт клубтарынан тіркелгенін ескеру қажет.
Ал “Пафоспен” үйде өткен ойынын ерекше сәтсіздік болған матч деуге болады. Алаң иелері бір таймнан астам уақытта сан басымдығына ие бола тұра, қарсыластың қорғанысын бұза алмады.
Ал ішкі лигада “Олимпиакос” керісінше жақсы нәтиже көрсетуде. 13 турдан кейін команда чемпионатта көш бастап тұр. Алдағы ойынға олар барлық турнирлерді қосқанда үш матчтық жеңісті сериямен келіп отыр.
Букмекерлер болжамы қандай?
Olimpbet сарапшылары алдағы кездесуде грекиялық клубты айқын фаворит деп санайды. Олардың болжауынша “Олимпиакостың” жеңіске жету ықтималдығы 67%:
- П1 – “Қайраттың” жеңісі: 6.76 коэффицент
- Х – тең ойын: 4.64 коэффицент
- П2 – “Олимпиакостың” жеңісі: 1.49 коэффицент
Сарапшылар жанкүйерлердің бүгінгі ойында кемі үш голдың куәсі болатынын айтады:
- ТМ (2.5): 2.10 коэффицент
- ТБ (2.5): 1.76 коэффицент
Гол алмасу ықтималдығы орташа деңгейде:
- Екі команда да гол соғады — 1.91 коэффицент
- Гол алмасу болмайды — 1.88 коэффицент
Ең ықтимал есеп – 0:2
Букмекерлік болжамжарға сүйенсек, матчтағы ең ықтимал нәтиже – қонақтардың жеңісі:
- 0:2 — 6.93 коэффицент
- 0:1 — 7.75 коэффицент
- 1:2 — 8.00 коэффицент
- 1:1 — 8.75 коэффицент
Сонымен қатар “Олимпиакос” бірінші таймда да, матчтың өзінде де жеңіске жетеді деген комбинирленген ставка — 2.04 коэффициентімен ұсынылған.
Астанада өтетін бүгінгі матч екі команда үшін де шешуші болмақ. “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне ұмтылып, жанкүйерлер алдында намысты қолдан бермеуге тырысады. Ал “Олимпиакос” плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін міндетті түрде үш ұпай алуға ұмтылады. Сарапшылардың пікірінше қонақтар фаворит саналса да, ауа райы, жасанды алаң және “Қайраттың” үйдегі жігерлі ойыны грекиялық команданы тығырыққа тіреуі мүмкін.
Бүгін алаңда кімнің шыдамы, темпі және концентрациясы басым болса, сол жеңіске жетпек. “Қайраттың” өз алаңындағы кейінгі нәтижелері сенім ұялатса, “Олимпиакостың”тәжірибесі басымдық береді. Не болса да, жанкүйерлер тартысты, эмоцияға толы матч көретіні анық.