Аязға байланысты бірқатар мектеп қашықтан оқуға ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аязға байланысты бірқатар мектеп қашықтан оқуға ауыстырылды

Аязға байланысты бірқатар мектеп қашықтан оқуға ауыстырылды

10 желтоқсан күні Қостанай облысының бірқатар ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымдағы кейбір сыныптың сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды

  • 10 Желтоқсан
  • 4
ФОТО: kaz.inform.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Меңдіқара ауданында 10 желтоқсан таңертең ауа температурасы –28…–30° дейін төмендеп, желдің жылдамдығы 2 м/с шамасында болды. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы А.Чутаев атындағы БМГ, Г.Жұмабаев атындағы БМГ, Первомай орта мектебі, Борков орта мектебі, Иванов бастауыш мектебі, Степанов орта мектебі, Тенизов орта мектебі, Жангелдин орта мектебі, Краснопреснен орта мектебі, Введен орта мектебі, Алёшин орта мектебі, Михайлов орта мектебі, Архипов орта мектебі, Ломоносов орта мектебі, Лесной орта мектебі, Буденновский орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбынан–9 сынып оқушыларына дейін сабақтар қашықтан оқытуға ауыстырылды. Ал температура –30° болған Каменскураль және Соснов орта мектептерінің мектепалды даярлық сыныбынан–11 сынып оқушыларына дейін онлайн форматқа көшірілді.

Науырзым ауданында ауа температурасы –25°-қа жетіп, желдің әсерінен Жамбыл және Докучаев мектептерінің бірінші ауысымдағы мектепалды даярлық сыныбы және 1–4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылды. Ауданның қалған 8 мектебі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта