Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Осыған байланысты ол көпшілікке жауап берді.
”Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Өзім білем қанша қатын алсам да”, — деп жазды Рүстем Жүгінісов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, көп әйел алу заңмен тыйым салынған.
Қазақстанда неке және отбасы қатынастары Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі арқылы реттеледі. Аталған кодекске сәйкес, Қазақстанда неке ерікті түрде және бір ер мен бір әйел арасында ғана қиылады. Яғни, бір уақытта бірнеше адаммен заңды некеде тұруға болмайды.
Сонымен қатар, көп әйел алу әрекеті қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұл норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бабында (көп әйел алу) көрсетілген. Заң бойынша:
Егер адам тіркелген некеде бола тұра, басқа әйелмен бірге тұрып, отбасылық қатынас орнатса, бұл әрекет үшін айыппұл немесе өзге де жаза қарастырылуы мүмкін.