Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның 2026 жылғы 29 шілдедегі мәліметінше, басты жаңашылдық қаржылай көмектің айтарлықтай ұлғаюы болды. Енді экономикалық мобильдік сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін, яғни 1625 АЕК-ті құрайды.
«Қатысушылар бұл қаражатты жаңа тұрғылықты жерінен баспана сатып алуға жұмсай алады. Өзгерістердің басты мақсаты – азаматтарға басқа өңірге көшіп қана қоймай, сол жерде жайлы орналасып, баспаналы болып, тұрақтап қалуға көмектесу», – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік қолдау тек тұрғын үй сертификатымен шектелмейді.
Мәселен, қоныс аударушыларға көшуге арналған субсидия төленеді, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызмет шығындары өтеледі, сондай-ақ жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Бұған қоса, көшпей тұрып-ақ жұмыс тауып, жұмыс берушіні таңдауға болады. Қабылдаушы өңірлердің өкілдері қоныс аударушылар көшетін өңірлерде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Министрліктің нақтылауынша, бағдарламаның қатысушылар аясы да кеңейтілді. Бұрын бағдарлама негізінен жұмыссыздарға бағытталса, енді мемлекеттік қолдауды сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да пайдалана алады.
Мамандардың айтуынша, қазақстандықтар үшін бүкіл үдеріс барынша қолайлы әрі цифрлық форматқа көшірілген. Өтінім беру, өңірлер картасын және сұранысқа ие мамандықтар тізімін қарау, сондай-ақ бос жұмыс орнын таңдау migration.enbek.kz порталында қашықтан жүзеге асырылады.
Бұған дейін Қазақстанда 25 тамыздан бастап алимент жаңа ережелер бойынша аударылатыны хабарланған еді.