Омыраудағы имплант қатерлі ісікке әкеледі: онколог-маммолог не дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.17
  • 543.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омыраудағы имплант қатерлі ісікке әкеледі: онколог-маммолог не дейді

Омыраудағы имплант қатерлі ісікке әкеледі: онколог-маммолог не дейді

Маммолог-онколог, медицина ғылымдарының кандидаты, Ербол Жаппаров омырауды үлкейту үшін, имплант қойғызу отасы жайлы түсіндірді.

  • 30 Шiлде
  • 3
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Маман оның денсаулыққа қаншалықты әсер ететін түсіндірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Тележүргізуші Дана Нұржігітке жауап берген ол, импланттың денсаулыққа еш әсері жоқ екенін айтты.

«Мен дәлелді медицина дәрігері ретінде омырауға пластикалық ота жасауды қолдаймын. Оған қатысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері пластикалық хирургияда қолданылатын импланттар ешқандай да сүт бездерінің қатерлі ісігіне әкелмейді.

Бірақ, әрине ондай операция жасалғаннан кейін, 100 мың адамның ішінде 0,2 пайызында, яғни өте сирек жағдайда, анапластикалық, ірі сүт бездерінің лимфомасы кездесуі мүмкін. Ол — иммундық жүйенің қатерлі ауруы.

Ол имплант маңындағы жасушаларда пайда болуы мүмкін. Ол мұндай отадан кейін 7-8 жылдан кейін пайда болуы мүмкін. Бірақ ол сүт бездерінің қатерлі ісігі емес, оны емдеуге болады. Бұл сырқат әйелдер арасында өте сирек кездеседі», — деді маман.