"Мен бәрін көріп отырмын": Аша Матай депутаттарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 455.4
  • 526.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен бәрін көріп отырмын": Аша Матай депутаттарға үндеу жасады

"Мен бәрін көріп отырмын": Аша Матай депутаттарға үндеу жасады

Танымал тележүргізуші, әнші Аша Матай Құрылтай сайлауынан кейін алғаш рет ел алдына шығып, пікір білдірді.

  • 3 Қыркүйек
  • 1
Фото: www.instagram.com/asha_matai

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Instagram желісінде жариялаған видеода Құрылтай депутаттарына үндеу жасап, антқа адал болуға шақырды.

“Құрметті халайық, сайлау науқаны өтті. Халық сайлаған құрылтай депутаттары анықталып, тиісті ант қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын, жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Мемлекетіміздің, халқымыздың игілігіне шын жүректен қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар! Ақ жол сіздерге, құрметті депутаттар!», — деді ол.

Еске сала кетейік, Аша Матай «Қазақстан халық партиясы» атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелген еді. Алайда оның партиясы тиісті 5% дауысты жинай алмай, Құрылтайға өтпей қалды.