”Бықсытып не айта алмай жүрсіз”: Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбден желіде дауласып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.44
  • 514.81
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бықсытып не айта алмай жүрсіз”: Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбден желіде дауласып қалды

”Бықсытып не айта алмай жүрсіз”: Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбден желіде дауласып қалды

Белгілі әзәлкеш Нұрболхан Шарапов пен “Қара алтын” фильмінің продюсері Айсәуле Әбден желіде дауласып қалды.

  • 22 Қыркүйек
  • 3
Фото - видеодан скрин. Коллаж - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дауласуға әзілкештің фильмге байланысты пікірі себеп болған.

”Нұрболхансыз күніміз қалай болар екен енді. Бықсытып не айта алмай жүрсіз өзі, Н мырза? Азаматсыз ғой, ашып айтсаңызшы міңгірлей бермей. Жұрт киноларды салыстырса — ол біздің маркетинг екен, бір көрермен назын айтса — тағы біздің манипуляция.
Осы 10 күн бойы шулап жатқан елдің бәрі менің жеке танысым шығар мүмкін? Әлия Бөпежанова, Айгүл Ісмақова бастаған жүздеген өнер-ғылым өкілдерінің жоғары бағасын ақша беріп сатып алған шығармыз”, — деді продюсер.

Threads-тан скрин

Нұрболхан Шарапов продюсердің жазбасына бірден жауап беріп, онымен “алысатын жағдайы жоқ” екенін айтты.

“Әпше, қойшы, өзім соғыстан кеше келдім. Енді сенімен алысатын уақыт жоқ. Менсіз жасай бер маркетингті.🥱 Кино түсірдім деп шетімізден аузын ашқанның бәрін қырып бара жатсыз ғой.
Бармаған халықты кінәләп бәрін ЧМО дегенге қосылып отырсаңыз онда ниетіңізге қарай касса бұйырса. Сәттiлiк”, — деді әзілкеш.

Threads-тан скрин

Кейін Нұрболхан Шарапов өз парақшасында “Жарығым-ай” фильмі туралы айтып, “хайпсыз” жақсы қаржы жинағанын атап өтті.

”Жарығым-ай» фильмi 2-шi аптасында өте жақсы тауып 1 орынға шығыпты. Жарайсыңдар! Көп бықсымай, жан жағыңа құспай, мен арқылы хайп ұстамай осылай тып тыныш кассаңды жинағанға не жетсiн”, — деп жазды әзілкеш.