“Азия ойындары”: Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.44
  • 514.81
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Азия ойындары”: Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті

“Азия ойындары”: Қазақстан қоржынына бесінші алтын түсті

Қазақстандық файтер қарсыласын ойсырата жеңіп, Азия ойындарында тарихи алтын алды.

  • 22 Қыркүйек
  • 117
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстандық ММА шебері Еркінғали Бүркіталин 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды. Осылайша ол құрлықтық додада ММА-дан Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

28 жастағы спортшы 77 келіге дейінгі салмақта Traditional дисциплинасында сынға түсті. Бұл санаттағы жекпе-жектер спорттық кимоно киіп өтеді.

Финалда Еркінғали Бүркүталин Бахрейн өкілі Мұхаммад Набиевпен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Айта кетейік, ММА Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сондықтан Бүркүталиннің жеңісі Қазақстан құрамасы үшін тарихи мәнге ие.

Осы жүлдеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар. Жалпы спортшыларымыз 10 жүлде жеңіп алды.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Өзбекстан чемпионын жеңіп, Азия ойындарының жүлдесіне қол жеткізген еді.