Жылу беру маусымы: Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылуды іске қосуға баса назар аударуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.44
  • 514.81
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылу беру маусымы: Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылуды іске қосуға баса назар аударуды тапсырды

Жылу беру маусымы: Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылуды іске қосуға баса назар аударуды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады.

  • 22 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Павлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Осы аптаның соңына дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жылу беру жоспарланып отыр. Қалған солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау көзделген.

Жалпы барлық өңірде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жұмыстар толық аяқталды. Энергия көздерінде жылу беру маусымын бастауға қажетті отын қоры мен жабдықтар дайын.

Сонымен қатар Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық жұмыстары әлі де толық аяқталған жоқ.

«Министрдің баяндамасында айтылды, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жылу беру маусымы бойынша бақылау мен үйлестіру мәселелері Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.