Қазақстанның даму банкі өзінің логотипін жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.19
  • 582.79
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның даму банкі өзінің логотипін жаңартты

Қазақстанның даму банкі өзінің логотипін жаңартты

«Қазақстанның даму банкі» өзінің логотипін жаңартты. Бүгін осыған орай банк арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

  • 11 Маусым 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Біз жаңа бренд арқылы банктің бизнес үшін барынша қолжетімді, капитал нарығында барынша ашық әрі батыл болып келе жатқандығын көрсеткіміз келді. Дегенмен бұл ретті біздің беделіміз аса маңызды. Біз мемлекетке де бизнеске де кәсіби әрі сенімді әріптес болып қалғымыз келеді», — деді ол.

Оның атап өтуінше, банктің жаңа логотипінде өткен жылдардың жетістіктері айқын көрсетілген. Ребрендинг ауқымды өзгерістердің айғағы, жаңа стратегиялық міндеттердің қисынды қорытындысы болып табылады. Сонымен қатар қазіргі кезде банктің ұзақ мерзімді стратегиясына өзгерістер енгізу, бинес процестерді оңтайландыру және несие саясатын жетілдіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Банктің жаңа логотипінде бірнеше бастапқы идеялар белгіленген. Өзекті идея — банктің өнеркәсіптер үшін өсу және даму мүмкіншіліктерін ашатын, ал қаржы ұйымдары және ұлттық компанияларға срытқы нарық көздеріне жол беретін «мұзжарғыш» бейнесі.