Ағылшын әншісі қазақ тілін білмейтіндерге үлгі көрсетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағылшын әншісі қазақ тілін білмейтіндерге үлгі көрсетпек

Ағылшын әншісі қазақ тілін білмейтіндерге үлгі көрсетпек

Британдық әнші Сон Паскаль қазақтарды қазақша үйренуге шақырады. Тіпті өзі де қазақша ән жазып, бейнебаян да түсіріпті.

  • 10 Тамыз 2012
  • 456
Фото - Caravan.kz

Ән «You should speak қазақша» деп аталады. Бірақ мәтіні ағылшын, орыс және қазақ тілінде аралас. Тректі қазақстандық рэпер топ «Gallardo»-мен бірлесіп жазыпты. Сон Паскальдің өзі «ән ана тілін менсінбейтіндердің намысын ояту үшін жазылды» дейді. Ал бейнебаян Алматыда, небәрі екі күннің ішінде түсіріліпті. Айта кету керек, Сон Паскаль тегі италиялық болғанымен Ұлыбританияда тұратын әнші. Бірақ 6 айдан бері біздің елде қонақта жүр. Әрі шағырмашылық жұмыс атқаруда. Бұған дейін Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Englishman in Shymkent» әнін орындап, бейнебаян түсірген.


Сон Паскаль
, әнші:

— Мен Алматыда болғаныма 6 ай болды. Қазақша сөйлеймін кішкене. Алты айда біршама үйреніп қалдым. Бір-екі жылдан кейін сізбен еркін сөйлейтін болам. Қазақстан қатты ұнады. Достарымның да барлығы қазақтар.

Перейти к новостям спорта