Қайғылы оқиға құрбан айт мерекесі күні, Павлодардан шыға берісте болды. Тас жолмен жүйткіген Мерседес қарсы бетке шығып кетіп, Аудиге соқтығысқан. Күл-талқаны шыққан көліктерден құрбан болғандар мен жараланғандарды алып шығу үшін құтқарушыларға арнайы құралдардарды қолдануға тура келді. Апат салдарынан Ауди тізгінінде отырған 49 жастағы жүргізуші және тағы екі әйел сол жерде тіл тартпай кетті. Ал ауыр жарақат алған тағы 7 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің арасында 12 жастағы екі қыз бала мен 8 жасар ұл бала бар. Жол сақшыларының айтуынша, апатқа «Мерседес» көлігінің жүргізушісі кінәлі.