Ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Байқауға еліміздің барлық аймақтарының және Алматы, Астана қалаларының шеберлері және үздік ұжымдары қатысады. Байқаудың іріктеу кезеңі барлық облыстарда өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: 1) жаңа дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету; 2) талантты адамдарға қолдау көрсетуге және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау; 3) тұрғындардың жалпы мәдени деңгейін көтеру; 4) тұрғындардың мәдени бос уақытын және эстетикалық тәрбие алуын ұйымдастыру; 5) мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 6) Қазақстан халқы мәдениетін жандандыру, сақтау, дамыту және тарату; 7) жастардың ұлтжандылық тәрбие алуына, олардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарымен танысуына ықпал ету.
Байқаудың гала-концерті алдында, сағат 18:30-да «Конгресс Холл» сарайының кіреберісінде әр өңірдің қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Көрмеде аймақтардың ерекше мәдениетіне, өнеріне және дәстүрлеріне тән асыл бұйымдар көрермен назарына ұсынылады.