Еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, жел соғады - синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, жел соғады - синоптиктер

Еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, жел соғады - синоптиктер

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі бүгін бұрынғыдай антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

  • 30 Қазан 2012
  • 286
Фото - Caravan.kz

Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлер фронтальдық бөліктердің ықпалында болады, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кейбір жерлерде тұманның түсуі, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.

Жақын тәуліктерде Батыс Алтай өзендерінде су дейгейінің төмендеуі байқалады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің аздаған ауытқулары күтіледі. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының көптеген су нысандарында су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады.

Соңғы жаңалықтар