Қаржы полицейлерінің Кәсіби этика кодексі қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полицейлерінің Кәсіби этика кодексі қабылданды

Қаржы полицейлерінің Кәсіби этика кодексі қабылданды

Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі басшысы Рашид Түсіпбеков Кәсіби этика кодексін бекітті.

  • 1 Қараша 2012
  • 756
Фото - Caravan.kz

Агенттік баспасөз қызмтінің сәрсенбі күнгі хабарламасына сүйенсек, «Кодекс қаржы полициясында қызмет ететін азаматтар үшін маңызды саналатын адамгершілік құндылықтарын, олардың міндеттері мен ұстанымдарын айқындайтын кәсіби-этикалық талаптардан құралған».

Құжатқа сәйкес, қаржы полициясы қызметкері Конституцияны, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұлжытпай орындауға, азаматтар мен адамның ар-ожданын құрметтеуге міндетті. Сондай-ақ, ол мемлекетті, мемлекеттік билік пен қаржы полициясы органдарының атына кір келтіретін іс-әрекет жасамауы тиіс.
Сонымен қатар, құжатта жемқорлыққа қарсы кәсіби-этикалық мінез-құлық стандарттары көрсетілген.