«Даму» қоры» өңірлік бөлімшесінен хабарланғандай, бағдарламаның аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын қаржы жүктемесін төмендетті.
Бүгінгі күні жобаларды субсидиялау бойынша «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ қостанайлық филиалы 13 жобамен көш бастап келеді. АТФ-Банктің жергілікті құрылымы 12 жобаны, БТА Банк 9 жобаны мақұлдап, қаржыландырды. Қазақстанның Халық банкі мен Еуразиялық банк 8 жобаны қаржыландырды.
«Даму» қостанайлық қорының қаржылай емес қолдау бойынша бас менеджері Динара Орымбаеваның сөзіне қарағанда, «егерде 2011 жылы Қостанай облысында 29 жоба мақұлданса, 2012 жылы 9 айда олардың саны 79-ға жеткен».