«Біз сараптама жүргіздік. 2012 жылы елімізде 280 мыңнан астам бала дүниеге келген. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 13 мың бала артық туылған», — деді ол дүйсенбі күні балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге арналған нобайлы жобаның басталуына арналған баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың 9 айында өлім-жітім тірі туған 1000 балаға шаққанда 13,9-дан келген.
«2010 жылы тірі туған 1000 баланың 28-і шетінеген (…) Яғни, қазір балалар өлімі екі есеге дерлік төмендеді. Беталысымыз жаман емес, әрі қарай да осылай жалғастырамыз», — деді Е.Байжүнісов.
«Біздің мақсатымыз — 2015 жылға дейін бала өлімін азайтып, тірі туған 1000 балаға шаққанда 20-ға дейін төмендету. (…) Осы бағытымыздан танбасақ, алдағы 5 жылда біз Еуропа елдерінің деңгейіне жетіп те қаламыз», — деп атап өтті ол.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр