Дариға Назарбаева: "Мемлекеттік қызметке жұмысқа туысқандарды тұрғызу деген болмайды, деп айтып отырсыз. Осыған өзіңіз сенесіз бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева: "Мемлекеттік қызметке жұмысқа туысқандарды тұрғызу деген болмайды, деп айтып отырсыз. Осыған өзіңіз сенесіз бе?

Дариға Назарбаева: "Мемлекеттік қызметке жұмысқа туысқандарды тұрғызу деген болмайды, деп айтып отырсыз. Осыған өзіңіз сенесіз бе?

- Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік агенттігінің жетекшісі Әлихан Бәйменов республикада жуық арада мемлекеттік қызметке туысқандарды тарту және орналастыру сияқты құбылыс жойылады деп санайды.

  • 7 Қараша 2012
  • 622
Фото - Caravan.kz

Парламент мәжілісінде сәрсенбіде пленарлы отырыста «Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған кезде депутат Дариға Назарбаева Ә.Бәйменовке сауал қойған еді.

«Сіз енді мемлекеттік қызметке жұмысқа туысқандарды тұрғызу деген болмайды, деп айтып отырсыз. Осыған өзіңіз сенесіз бе?» деді ол.
«Қызметке өсірудің дәстүрлі механизмдерін жою үшін қандай механизмдер керек?» деп сұрады депутат.
«Өз басым оған сенемін. Менің салыстыруға мүмкінгіндігім болды, мен 11 жылдан соң агенттікке жетекші болып келдім, тұтас алғанда, қолданған заң арқасында бірқатар теріс құбылыстар төмендеген», деп жауап берді агенттік жетекшісі.
«Жетекшілер ауысқанда кадрлардың ауысуы үш есеге азайды. Қазір еңбек ресурстары шектеулі, сол себепті жетекшілер 90-шы жылдардың ортасымен салыстырғанда білікті кадрлардың жұмыс істеуіне мүдделі», деді Ә.Бәйменов.

Соңғы жаңалықтар