Қарағанды облысының тұрғыны түзеу мекемесіне темекі мен героин өткізіп жібермек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының тұрғыны түзеу мекемесіне темекі мен героин өткізіп жібермек болған

Қарағанды облысының тұрғыны түзеу мекемесіне темекі мен героин өткізіп жібермек болған

Қарағанды облысында түзеу мекемесіне есірткіні өткізіп жіберу әрекетіне тоқсауыл қойылды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 13 Қараша 2012
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Жедел-іздестіру шарасының барысында облыстық түзеу мекемелерінің бірінің көрісу бөлмесінде Абай ауданына қарасты Көксу ауылының 40 жастағы тұрғынынан 2,155 грамм салмақта есірткі заты — «героин» тәркіленді. Есірткі заты темекі қорабының ішінде болған», — деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицияның берген ақпаратына қарағанда, әйел бұған дейін есірткі затын сақтағаны үшін істі болған.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды», — делінген хабарламада.

Перейти к новостям спорта