Сертінен тайған «Серт» компаниясы «банкрот» деп танылмады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сертінен тайған «Серт» компаниясы «банкрот» деп танылмады

Сертінен тайған «Серт» компаниясы «банкрот» деп танылмады

Үлескерлерді 7 жыл сергелденге салған «Серт» компаниясы ақыры «банкрот» деп танылмады. Бүгін Алматыдағы ауданаралық экономикалық сот салық басқармасының түсірген шағымын қанағаттандырған жоқ.

  • 15 Қараша 2012
  • 337
Фото - Caravan.kz

«Серт» компаниясы 2010 жылы-ақ өздерін «банкрот» деп жирялаған еді. Әрине, ресми түрде емес. «Бұл жолы да Салық басқармасының шағымымен құрылыс фирмасының жұмысын тоқтатпақ болды», — дейді үлескерлер. Яғни, «Серттің» салықшылар алдынғады берешегі бірнеше миллионға жетті» деген желеумен. Бүгін сот сол арызды қанағаттандырмай тастады. Енді Амангелді Ермегияев компаниясы инвестор тартып болсын жарты жолда қалған құрылысты аяқтауы тиіс. Бірақ үлескерлер оған да күмәнмен қарап отыр. Естеріңізге сала кеткек, аты-шулы «Жайлы» тұрғын үй кешеніне қатысты дау 2008 жылы басталған еді. Сондан бері жұрт не үйіне, не ақшасына қол жеткізе алмай келеді. Енді ашынған үлескерлер «Серт» активтерінің Үкіметтің еншісіне өтуін сұрап отыр. 


Раиса Айтбаева, үлескер:

— Салық комитетінің өтінішін қабылдаған жоқ. Біз оған өте қуаныштымыз. Бірақ бұл біздің мәселемізді шешпейді. Өйткені қазір «Серттің» біздің үйді салуға ешқандай да қаржысы жоқ. Сондықтан біз Президенттен, қала әкімдігінен үйімізді мемлекеттің қолдауымен бітіріп берсін дейміз.

Соңғы жаңалықтар