Сенатор Әділ Ахметов Венада сөз сөйледі - kaz.caravan.kz
  • $ 484.19
  • 524.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор Әділ Ахметов Венада сөз сөйледі

Сенатор Әділ Ахметов Венада сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Әділ Ахметов Венада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

  • 16 Қараша 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Ә.Ахметов ағымдағы жылғы ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі лауазымындағы өзінің қызметі қорытындыларын баяндады.

Баяндаманы талқылау барысында ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы жеке өкілдерінің этномәдени аз халықтардың мүддесін қорғау саласындағы күш-жігерді алға жылжытудағы қызметіне жоғары баға берілді. ЕҚЫҰ қатысушы елдерінің делегациялары ЕҚЫҰ қызметінде нәсілшілдікке, ксенофобияға және төзімсіздікке қарсы күрестің салыстырмалы түрде басымдықты екендігі туралы бірауызды пікірін білдірді.