Мұрат Жұманбай, ЭҚСЖҚК агенттігінің ресми өкілі:
— 2012 жылғы 13 қарашада «АтырауГрандСтрой» ЖШС директоры Жұлмағамбетов , «Центр Строй ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Даневич, «BNB Construction» ЖШС есепшісі Азбергенова және Ізбасар, Сүлейменов пен Желдібаев деген азаматтар іздеуге жарияланды.
Сонымен бірге, қаржы полициясының құрығына облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Нұрлан Кенжебеков те ілінді. Шенеунік «Атырау-Доссор-Мақат» су құбырын салуға бөлінген 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан. Қазір Кенжебеков сот санкциясымен үй қамауында отыр. Айта өтейік, қыркүйек айында жемқорлық деректері бойынша Атырау облысы әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған болатын. Жемқорлыққа қатысты шу облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қызметтен кеткен соң басталған-ды. Кейін оның туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқалиге де халықаралық іздеу жарияланды.