Жобаның қатысушылары — некеге тұрғысы келетін жас жігіттер мен қыздар.
Жас жұбайлар мектебін құрудың негізі — әлеуметтік-демографиялық үрдістердің теріс әсерінде, азаматтық неке, ажырасудың көбейіп, соның салдарынан некесіз туатын, сондай-ақ, толық емес отбасында тәрбиленуші балалардың саны артуы келеңсіздіктерінде жатыр.
«Елордалық АХАТ қызметкерлері жас жұбайлар мектебінің аясында отбасын құрған екі жас бір-бірін түсінісіп, бір-біріне қолдау білдіріп, берік отбасын құруда дағды қалыптастырады деген сенімде. Ал, тату-тәтті отбасы ол — мемлекет өркендеуінің мықты тіні екені белгілі»,-деп жазылған онда.