Алматыдағы барлық жолайрықтар құрылысы 2013 жылы аяқталуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы барлық жолайрықтар құрылысы 2013 жылы аяқталуы тиіс

Алматыдағы барлық жолайрықтар құрылысы 2013 жылы аяқталуы тиіс

Алматыдағы барлық жолайрықтар құрылысы 2013 жылы аяқталуы тиіс. Бүгін құрылыс барысымен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі танысты. 

  • 20 Қараша 2012
  • 374
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта оңтүстік астанадағы көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында 6 бірдей жолайрық құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы қала сыртынан келетін көлік ағымын жеңілдету мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, былтыр қолданысқа берілген метро мен көгілдір отынмен жүретін 200-ден астам автобустардың қатарын экологиялық таза троллейбустар толықтыруы жоспарланған. Жеңіл рельсті трамвайлар да көлік санын азайтуға септізін тигізбек.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Алматының жағдайы күннен-күнге жақсаратын болады. Еліміздің ең үлкен әрі ең әдемі қаласы. Халықтың тұруы үшін жағдай жасау, ауасын тазалау мәселесі, көшелерді кеңейту, жасыл желекті көбейту мәселелері алматылықтардың өздерінің қалаға деген сүйіспеншілігі қаламызды әдемілеп, одан әрі өмір сүруге, ыңғайлы етуге мүмкіншілік береді.