Ватикан Латын тілі академиясының ашылғанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ватикан Латын тілі академиясының ашылғанын мәлімдеді

Ватикан Латын тілі академиясының ашылғанын мәлімдеді

Ватикан рим папасы Бенедикт XVI ұсынысымен Латын тлі академиясын ашады, деп кардинал Джанфранко Равази Twitter-дегі өз микроблогында мәлімдеді.

  • 22 Қараша 2012
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Бүгін сағат 17.00-де Кончилиацьоне көшесіндегі нөмірі бесінші үйде рим папасы Бенедикт XVI ұсынысы мен біз Ивано Дионинимен бірлесіп Латын тілі академиясының есігін ашамыз», — делінген латын тіліден жарияланған хабарламада.

Өткен айда Бенедикт XVI қазіргі католиктік ортада біртіндеп ұмыт бола бастаған латын тілі мен мәдениетті үйрететін Академия құру жоспары жайлы мәлімдеген болатын.
Қыркүйек айында Ватиканда лингвистер рим папасының тапсырмасы бойынша жаңа заманғы сөздер мен терминдерді латын тіліне аударуға кіріскен болатын.